Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтың жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды

Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтың жазасы  бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды

БҚО бойынша ҚАЖД №1 Казталов аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылып 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған А. есімді азамат сот үкімімен жүктелген міндеттер және бас бостандығынан шектеу жазасының өтеу ережелері түсіндірілгеніне қарамастан әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Нәтижесінде №1 Казталов аудандық пробация қызметімен бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру жөнінде аудандық сотқа ұсыныс жолданып, аталмыш азамат 2 (екі) жыл 8 (сегіз) күн мерзімге бас бостандығынан айырылды.