
Астана күніне орай Орал қаласындағы П. Атоян стадионда әуесқойлар арасында жеңіл атлетикадан жарыс өтті.
Жарысқа БҚО бойынша ҚАЖД РУ-170/3 мекемесінің аға инспектор-теологы әділет лейтенанты Ержан Жұмағужиев те қатысты. Біздің әріптесіміз 5 км қашықтықта 30-дан 39 жас аралығында жүлделі I орын алды.
Ұйымдастырушылар ретінде жауынгерлік өнер қауымдастығының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және "Ұшқын" жүгірушілер клубы жүлделі орындарға ие болғандарды арнайы диплом мен медальмен марапаттады.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев айтқандай: «Құқық қорғау органдарының қазіргі қызметкерлері білімқұмар және білікті болуы тиіс, ал бос уақытында спортпен шұғылдануы тиіс».
Әріптесін мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Сұлтан Сахметов құттықтады.