"Армрестлингтен Турнир"

"Армрестлингтен Турнир"

Қазақстан Республикасының Астана күнін мерекелеуге орай БҚО бойынша ҚАЖД РУ-170/3 мекемесінде облыстық жауынгерлік өнер Ассоциациясы БҚО дене шынықтыру және спорт Басқармасымен бірлесіп "Армрестлинг" спорт түрінен сотталғандар арасында турнирін өткізді. Сотталғандар арасындағы турнир ашық ауада өтті. "Дені саудың – жаны сау" демекші бұл мақал барлық уақытта өзекті. Сотталғандардың көпшілігінде кәсіби дайындық болмаса да, әрқайсысы соңына дейін өщ өнерлерін паш етті. Жеңіске жанкүйерлер де көмектесті. Жарыс қорытындысы бойынша ешкім марапатсыз қалған жоқ. Сотталған Ж. көзінің толық соқырлығына қарамастан (1 топтағы мүгедек) турнирге барлығымен бірдей қатысты. Жарысқа түрлі отрядтардан сотталғандар қатысты.

Жарыстың мақсаты сотталғандарды спорттық жарыстарға тарту, сотталғандардың негізгі бөлігін мекеменің қоғамдық өміріне қатысуға тарту, құқыққа бағынушылық мінез - құлқын ынталандыру, сотталғандар арасында деструктивті мінез-құлық пен төтенше жағдайлардың алдын алу болып табылады, - деп атап өтті мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бағлан Оиықбаев.