Ashyq қосымшасы енді БҚО бойынша ҚАЖД РУ - 170/1 мекемесінде қолжетімді

Ashyq қосымшасы енді БҚО бойынша ҚАЖД РУ - 170/1 мекемесінде қолжетімді

Ashyq қосымшасы енді БҚО бойынша ҚАЖД РУ-170/1 мекемесінде қолжетімді,келу үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, кіреберісте көрсету қажет. Қосымша, өз кезегінде, қызыл, сары, көк және жасыл мәртебеге бөлінетін тәуекел рейтингін көрсетеді - деп атап өтті бастықтың жалпы сұрақтары жөніндегі орынбасары әділет майоры Е.Б.Рахманқұлов.

Егер адам коронавирусқа ПЦР тестін тапсырып, оң нәтиже алса," қызыл " мәртебе беріледі. Бұл мәртебенің иелеріне үйді оқшаулаудың қатаң режимін сақтау тапсырылды.

"Сары" - байланыстағы адамдарға беріледі. Оларға азық-түлік алуға немесе үйдің жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа қоғамдық орындарға баруға тыйым салынады.

"Көк" ПТР-тест міндетті орындардан басқа барлық жерде еркін қозғалуды білдіреді

"Жасыл" - толық қозғалыс еркіндігінің белгісі