
БҚО бойынша ҚАЖ департаменті №1 Ақжайық аудандық Пробация қызметінде бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған Ж. есімді азамат ауданға қарасты Жамбыл ауылында жылыту қазандарында жұмыс жасап, ағымдағы жылдың басында жылыту қазандарының мерзімі бітуіне байланысты жұмыссыз қалған болатын.
№1 Ақжайық аудандық Пробация қызметінің бастамасымен және өзінің жұмысқа деген ынтасымен есептегі азамат Ақжайық аудандық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолданылды. Соның нәтижесінде жақында 580 000 теңге қайтарымсыз несие алып, қаражатқа 200 дана тауық құсын сатып алып, қазіргі уақытта өз кәсібімен айналысуда.