Есірткі заттарды заңсыз сақтағаны үшін сотталған-қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазасын өтеуде

Есірткі заттарды заңсыз сақтағаны үшін сотталған-қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазасын өтеуде

"Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз айналысқаны үшін" сотталған Теректі ауданының тұрғыны сот үкімімен тағайындалған 80 сағаттық қоғамдық жұмыс түріндегі жазаны орындауға кірісті.

Жазаның осы түрінің орындалуын бақылауды Теректі ауданының №1 пробация қызметі орындайды. Аталған сотталған жазасын орындау үшін "Новопавлов ауылдық округі әкімінің аппаратына" жіберілді және ауылды абаттандыру бойынша қоғамдық жұмыстарды орындауға кірісті.

Сотталғанның жазаны орындаудан жалтаруына жол бермеу мақсатында Теректі ауданының №1 ПҚ тұрақты негізде қоғамдық жұмыстарды орындау орны бойынша кенеттен тексерулер жүзеге асырылады, бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар ПҚ – ға ай сайын жұмыс істеген уақытын есепке алу табелін ұсынады.

Кезекті тексеру кезінде бұл сотталушының жазасын адал атқаратыны, тексеру кезінде Новопавловка ауылында шөп шабу және жинау ісімен айналысқаны анықталды.