Батырдың ата – анасымен Департамент бастығы кездесті

Батырдың ата – анасымен Департамент бастығы кездесті

2021 жылдың 6 мамырында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен "Ерлігі үшін" медалімен наградталған РУ-170/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет сержанты Төлеев Абылайдың ата-анасымен БҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығы әділет полковнигі А.Изтлеуов кездесті. Кездесу барасында Департамент бастығы батырдың ата – анасына балаларының көрсеткен ерлігінде олардың да үлкен еңбегі бар екенін атап өтіп, қайсар ұлды тәрбиелегені үшін өз рахметін білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

Осындай алғыс хат Абылайдың жас маман ретінде бағыт беріп, өз тәжірибесімен бөлісіп отырған қызметтегі тәлімгері мен ауысым кезекшісі де ие болды.