
БҚО бойынша ҚАЖД РУ-170/1 мекемесінің қызметкерлері қоқысты жинауға, су қоймаларын тазалауға, көгалдандыру мен жастарды экологиялық ағартуға бағытталған "Киелі табиғат" экологиялық акциясын өткізді, акцияны ресми түрде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бастаған болатын. "Киелі табиғат" акциясы бүкіл ел бойынша 2021 жылдың 25 сәуірінен 25 мамырына дейін жалғасады.
Полиция формасын уақытша жұмыс киіміне ауыстырып, қажетті құрал-жабдықтармен, қоқыс сөмкелерімен қаруланған тергеу изоляторының қызметкерлері өздеріне сеніп тапсырылған аумақты мұқият тазалады. Бұл жолы Жайық өзенінің жағалау аймағында тағы да қоқыс көп болды. Іс - шара барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталды.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өскелең ұрпақты экологиялық тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін жүзеге асыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің жастар форумында Аида Балаева БҰҰ елдерінің жастарына осы жылы "таза планета" халықаралық акциясын өткізу туралы ұсыныс жасаған болатын. "Киелі табиғат" жобасының ашылуында министр "Таза планета" акциясы миллиондаған ниеттілерді тартады деген үмітін білдірді.
"Акцияның мақсаты – өзен жағасын қоқыстан тазарту ғана емес, сонымен қатар Ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, қоғамның назарын экология мәселелеріне, азаматтардың табиғатқа ұқыпты қарауына аудару" - деп атап өтті РУ-170/1 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет майоры Г.Бисенова.