Тасқала ауданында мемлекеттік органдардың өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті

Тасқала ауданында мемлекеттік органдардың өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті

Тасқала аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен аудандық пробация қызметінің, әкімдік өкілдерімен және өзге де мемлекеттік ұйымдар басшыларының қатысуымен ҚР ҚАК-нің баптарын және өзге де Заңнамалық актілердің орындалуын қадағалау барысындағы туындайтын мәселелерді шешу бойынша консультативтік кеңес бағытындағы жұмыстық кездесу болып өтті.

Жұмыстық кездесу барысында пробация қызметіне жүктелген міндеттер сотталғандарды есепке алу, жазасын өтеу ережелері және шарттарымен таныстыру, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, шартты сотталғандарға әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету, қоғамдық жұмысқа тарту жазасына сотталғандарды жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыстардың барысымен ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына амнистия жариялануы күтілуі және де соған байланысты  пробация қызметіне тіркелетін қоғамнан оқшаумен байланысты емес  жазасын өтейтіндердің саны артуы болжамы айтылды.

Сонымен қатар аудандық пробация қызметінің есебіне тіркелетін қоғамнан оқшаумен байланысты емес жазасын өтейтіндерді қатаң қадағалап, қылмыстық-атқару заңнамасы бойынша қызмет жасай тұра, оларға әлеуметтік көмек көрсету, соның ішінде ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазанындағы № 1131 қаулысына сәйкес әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету бағытындағы, оларды жұмысқа немесе оқуға орналастыру бағытындағы мәселелерді шешу мүмкіндігімен ұсыныстар талқыланды.