Сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс кездесуі

Сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс кездесуі

Шыңғырлау аудандық прокуратурасының бастамасымен аудан әкімінің орынбасары мен пробация қызметінің қатысуымен жұмыс кездесуі ұйымдастырылды.

Жұмыс кездесуінде сот үкімі бойынша үкім заңды күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде жұмысқа орналасу міндеті жүктелген пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру кезіндегі проблемалық мәселелер, сондай-ақ оларға квота бойынша бос жұмыс орындарын беру және олардың "Бизнес-Бастау" мемлекеттік бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері талқыланды.