
Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің РУ-170/3 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар мерекелік іс-шара өткізді.
Мекеме әкімшілігі кешкі мектептің педагогикалық ұжымымен бірлесіп, сотталғандар арасында Ұлы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар өткізді.
Іс-шара басталар алдында мекеме бастығының орынбасары Бағлан Оиықбаев құттықтау сөз сөйлеп, мекеме басшылығы мен әкімшілігі атынан баршаны келе жатқан мерекемен құттықтап, ата-бабаларымыздың ерлігін еске алу үшін ашық аспан тіледі. Осыдан кейін кешкі орта білім беру мектебінің директоры Рафаэль Насыров құттықтау сөз сөйлеп, қазақ батырларының осы соғысқа қатысуы туралы, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова сияқты жерлестеріміздің ерлігі туралы айтып, Ұлы Отан соғысы туралы бірнеше өлең орындады.
Іс-шара барысында сотталғандардың аузынан әскери және соғыстан кейінгі жылдардағы өлеңдер мен әндер айтылды. Сондай-ақ отрядтар арасында әскери тақырыптағы үздік қабырға газетіне конкурстар өткізілді.