
БҚО бойынша ҚАЖД РУ-170/3 мекемесінің қызметкерлері балалар үйіне және ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатқа бірінші жыл келіп отырған жоқ. Мәселен, қасиетті "Рамазан" айында және мамыр мерекелері қарсаңында мекеме қызметкерлері "Нұрдәулет" ЖК директоры Е. Жарылғасовпен бірге жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылына барып, осы кәсіпкерден жұмысқа орналасқан сотталғандардың қолдарымен жасалған әткеншекті табыстау үшін, сондай-ақ мекеме жанындағы дүкеннен сотталғандармен жиналған тәттілер табыс етілді.
Балалар үйінің директоры Р.Сүйіншалиева балаларға арналған сыйлықтар үшін үлкен алғысын білдірді.
Қызметкерлер мұндай қайырымдылық акцияларын үнемі өткізуге тырысады.
Әділет майоры мекеме бастығының орынбасары Сұлтан Сахметовтың айтуынша, бұл іс — шараның басты мақсаты-балаларға мереке сыйлау, оларға жетіспейтін кішкентай ғажайып пен жылулық сезімін сыйлау. Әсіресе оларды ата-анасы жоқ балалар үйінде қалған балалар күтеді.