Тергеу изоляторындағы бірлік мерекесі

Тергеу изоляторындағы бірлік мерекесі

Орал қаласының тергеу изоляторында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өкілінің қатысуымен Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті.

Бүгін – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі. Бүкіл Қазақстан бойынша мерекелік іс-шаралар өтуде. Мереке РУ-170/1 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды да айналып өтпеді. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Бекқали Базарбайұлы Бержанов мерекелік іс-шараға "skype"қосымшасы арқылы қатысты.

Іс-шараға қатысқан жазасын өтеп жатқан сотталғандардың арасында түрлі ұлт өкілдері, соның ішінде өзбектер, қазақтар, орыстар және грузиндер бар. Мерекелік іс-шарада сотталғандардың құттықтаулары айтылды, олар мерекені өткізудің өзектілігін, халықтың келісімі мен бірлігінің маңыздылығын, елдегі ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтаудың маңыздылығын атап өтті. "Қоғамдық келісім" КММ өкілі сотталғандарға Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған іс-шараға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

"Мұндай іс - шаралар сотталғандарды түзеу процесіне оң әсер етеді», -деп атап өтті РУ-170/1 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет майоры Гүлім Бисенова.