
БҚО бойынша ҚАЖД Бөрлі аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазасын өтеп жатқан адамдар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және қайталама қылмыстар жасау мақсатында Бөрлі аудандық полиция бөлімімен бірлесіп 2021 жылдың 20 - 25 сәуірі аралығында аудан аумағында "Шартты түрде сотталған" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Бөрлі ауданының ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп тұрғылықты жері және жұмыс орны бойынша қоғамнан оқшалаумен байланысты емес жазаларға сотталғандарды тексеретін болады.
Тексеру барысында есепте тұрған тұлғалармен қайта қылмыстық бұзушылықтар жол бермеу, сондай ақ олардың тарапынан жазаны өтеу жағдайларының тәртібін бұзуға жол бермеу бойынша профилактикалық әңгімелер жүргізілетін болады.