
Байқаудың мақсаты – жас буын арасында құқық қорғау органдарының беделін арттыру, полиция қызметкерлерінің маңызды жұмысын насихаттау,отан сүйгіштікке баулу және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
БҚО бойынша ҚАЖД №74 мекеме бастығының орынбасары Л. Ахметкалиева:«Балалардың суреттерінен олардың полиция қызметіне деген құрметі мен қызығушылығын көруге болады. Бұл – біздің болашағымыздың қауіпсіздік пен әділдікке сенетін ұрпақ екенін көрсетеді».
Осындай байқаулар балалардың арманын қанаттандырып қана қоймай, қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы байланысты нығайтады.