GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Департамент туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Пробациялық бақылау
18 октября 2026
Түпқараған ауданында «Қауіпсіз үй» іс-шарасы жалғасуда

Түпқараған аудандық пробация қызметінің қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.

Іс-шара барысында құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударылады. Сонымен қатар пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, олардың құқықтық жауапкершілігін арттыруға және қайталама құқық бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың негізгі мақсаты – құқықтық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру.

Пробациялық бақылау
18 октября 2026
Ақтау қаласында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

Ақтау қалалық пробация қызметінің қызметкерлері «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында пробация есебінде тұрған азаматтарды бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жұмыстар жүргізуде. Іс-шара барысында электрондық бақылау құралдары, сондай-ақ «Цифрлық пробация» және «Цифрлық қадағалау» мобильді қосымшалары арқылы есепте тұрған азаматтардың белгіленген талаптарды сақтауына тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Цифрлық технологияларды қолдану бақылау жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға, профилактикалық шаралардың нәтижелілігін арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Аталған бағыттағы жұмыстар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және пробация есебінде тұрған азаматтардың заң талаптарын сақтауына бағытталған.

Пробациялық бақылау
18 октября 2026
Қарақия ауданында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

Қарақия аудандық пробация қызметінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасын жалғастыруда.

Қазіргі уақытта аудандық пробация қызметінің есебінде 30-дан астам сотталған азамат бар.

Іс-шара аясында құқық қорғау органдарының қызметкерлері есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларын тексеріп, оларға жүктелген міндеттердің орындалуын және заңнамада белгіленген талаптардың сақталуын бақылауда. Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қайталама қылмыстарға жол бермеуге бағытталған профилактикалық әңгімелер жүргізуге ерекше назар аударылады.

Тексеру барысында жазаны өтеу тәртібін бұзудың бір фактісі анықталды. Осыған байланысты сотталған азаматқа жазбаша ескерту берілді. Сондай-ақ оған белгіленген талаптарды сақтамаудың құқықтық салдары түсіндірілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың заң талаптарын сақтау жауапкершілігін арттыру.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сотталғандарды жұмысқа орналастыру
18 октября 2026
Маңғыстау облысында ҚАЖ мекемелерінде өндірістік еңбек учаскелерін ашу мәселесі талқыланды

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде сотталғандарды жұмыспен қамту және кәсіпорындар базасында еңбек учаскелерін ашу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев төрағалық етті. Жиынға департамент пен №43 мекеме басшылығы, өңір прокуратурасының өкілдері, бейінді бөлімшелердің қызметкерлері және кәсіпкерлік саласының өкілі қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – өңірлік кәсіпкерлермен өзара ынтымақтастықты нығайту, сотталғандарды жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту және қауіпсіздігі төмен мекемелерінде кәсіпорындар базасында еңбек учаскелерін ашу мәселелерін талқылау.

Жиын барысында мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасындағы әріптестікті дамыту, өндірістік қызметті ұйымдастыру тетіктері және кәсіпкерлерді сотталғандардың еңбекпен қамтылуына тарту мәселелері қаралды. Сондай-ақ пилоттық жобаны іске асырудың перспективалары талқыланды.

Сотталғандардың еңбекпен қамтылуы олардың кәсіби дағдыларды меңгеруіне, еңбекке деген жауапкершілігін қалыптастыруға және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға бейімделуіне ықпал етеді. Ал кәсіпкерлермен ынтымақтастық өндірістік қызметті дамытуға және сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне қосымша мүмкіндіктер ашады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын және пилоттық жобаны іске асыруға қатысты мәселелерді талқылады.

Сотталғандарды еңбекпен қамту және кәсіпкерлік субъектілерімен әріптестікті кеңейту – қылмыстық-атқару жүйесінің маңызды бағыттарының бірі. Бұл жұмыс сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеуге және бостандыққа шыққаннан кейін олардың қалыпты өмірге оралуына жағдай жасауға бағытталған.


Пробациялық бақылау
18 октября 2026
Маңғыстау облысында «Қауіпсіз үй» профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

Маңғыстау облысында 5 қазаннан бастап «Қауіпсіз үй» профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Пробация қызметінің инспекторлары учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, пробация есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Рейдтік іс-шараларға Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қалалық және аудандық пробация қызметтерінің қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары қатысуда.

Мамандар есепте тұрған азаматтардың белгіленген талаптарды сақтауын және оларға жүктелген міндеттерді орындауын тексереді. Сонымен қатар азаматтармен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, заң талаптарын сақтау мен қоғамдық тәртіпті бұзбаудың маңыздылығы түсіндіріледі.

Қайталама құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға ерекше назар аударылады.

«Мұндай рейдтердің негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкін факторларды дер кезінде анықтау, профилактикалық жұмыстар жүргізу және қайталама қылмыстарға жол бермеу. Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың белгіленген талаптарды сақтап, өз жауапкершілігін түсінуі маңызды», – деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бірлескен рейдтер «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.

Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

Штабтық қызмет
18 октября 2026
Цифрландыру, қауіпсіздік және қайта әлеуметтендіру: Маңғыстау облысында ҚАЖ жүйесінің жұмыс қорытындыланды

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 2026 жылдың тоғыз айындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.

Кеңес департамент бастығы, әділет полковнигі Руслан Уразбаевтың төрағалығымен өтті.

Жиын барысында есепті кезеңдегі жұмыс нәтижелері, бұрын берілген тапсырмалардың орындалуы және жоспарланған іс-шаралардың іске асырылу барысы талқыланды. Қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жұмыс тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің маңызды бағыттарының бірі – заманауи цифрлық технологияларды қолдану. Атап айтқанда, пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға қатысты бақылау шаралары жүргізіліп, заңнамада белгіленген талаптардың сақталуы қадағаланады. Электрондық бақылау құралдары, оның ішінде электрондық білезіктер мен цифрлық мониторинг мүмкіндіктері бақылаудағы адамдардың орналасқан жерін қадағалауға және белгіленген шектеулердің сақталуын бақылауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, пробация қызметінің жұмысы тек бақылаумен шектелмейді. Оның маңызды міндеттерінің бірі – сотталған адамдарды қайта әлеуметтендіру, қоғамға бейімделуіне жәрдемдесу және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бейнебақылау және өзге де техникалық бақылау құралдарын пайдалану да қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл құралдар мекемелердегі ахуалды бақылауға, ықтимал құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға және белгіленген тәртіпті сақтауға бағытталған.

Бұдан бөлек, профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру, есепте тұрған адамдардың есебін жүргізу және олардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындауын бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылады.

Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің алқасында қойылған міндеттер мен Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті айқындаған басым бағыттар да қаралды. Департамент бастығы Руслан Уразбаев тиісті тапсырмаларды жеке құрамға жеткізіп, олардың сапалы әрі уақтылы орындалуы қажеттігін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалып, қызмет тиімділігін арттыру, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету және профилактикалық жұмысты жетілдіру бағытында тиісті тапсырмалар берілді.

Заң мен тәртіп – күнделікті жауапты қызметтің, қауіпсіздіктің және әрбір қызметкердің кәсібилігінің негізі.

Пробациялық бақылау
18 октября 2026
Маңғыстауда "Қауіпсіз үй" ЖПШ жалғасуда

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметкерлері прокуратура және полиция органдарының өкілдерімен бірлесіп, пробациялық есепте тұрған сотталғандар арасында «Қауіпсіз үй» профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.

Іс-шараның басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, пробациялық бақылауды күшейту және есепте тұрған азаматтардың заң талаптарын сақтауын қамтамасыз ету.

Іс-шара барысында қызметкерлер азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына барып, олардың пробациялық бақылау талаптарын орындауын тексереді. Сонымен қатар құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын бұзудың салдары мен белгіленген міндеттерді орындаудың маңыздылығы түсіндіріледі.

Мәселен, кезекті тексеру кезінде Бейнеу ауданында пробациялық есепте тұрған ер адамның белгіленген уақытта тұрғылықты мекенжайында болмағаны анықталды. Осыған байланысты онымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, пробациялық бақылау талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді және тиісті ескерту берілді.

Пробация қызметкерлері әрбір азаматтың заң талаптарын сақтауы маңызды екенін атап өтіп, құқық бұзушылықтар заңнамада көзделген жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.

«Қауіпсіз үй» профилактикалық іс-шарасы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және сотталғандардың қоғамға бейімделуіне ықпал етуге бағытталған.

Заң мен тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің кепілі.

Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс
18 октября 2026
Маңғыстауда жазасын өтеушілер театр қойылымын тамашалады

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №43 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар тәрбиелік жұмыс аясында Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрына барды.

Театрда сотталғандарға ағайындылар арасындағы қарым-қатынас пен отбасылық құндылықтарды арқау еткен қойылым ұсынылды. Спектакльде бауырмалдық, өзара сыйластық, адамгершілік және жақын жандар алдындағы жауапкершілік тақырыптары көрініс тапты.

Мекеменің жасақ басшысы, әділет капитаны Азатбек Ақпанбеттің айтуынша, мәдени іс-шараларға қатысу сотталғандардың рухани-адамгершілік тәрбиесінде маңызды рөл атқарады.

Мұндай іс-шаралар олардың ой-өрісін кеңейтуге, өмірлік құндылықтарға деген көзқарасын қалыптастыруға және қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етеді.

Сотталғандарды мәдениет пен өнерге баулу – олардың тұлғалық дамуына, өмірлік құндылықтарды қайта пайымдауына және қоғамға оралуға дайындалуына бағытталған тәрбиелік жұмыстардың маңызды бөлігі.

Пробациялық бақылау
18 октября 2026
Маңғыстауда электронды білезік тағылған сотталғандар 150-ден астам құқық бұзушылыққа жол берген

Жыл басынан бері Маңғыстау облысында электрондық бақылауда жүрген сотталғандар тарапынан 150-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Олардың бірі Ақтау қаласы Полиция басқармасының арнайы қабылдау орнына 10 тәулікке қамалса, тағы екеуі сот шешімімен бас бостандығынан айыру орындарына жіберілді.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінде 900-ден астам сотталған есепте тұр.

Олардың бір бөлігіне сот белгілеген шектеулердің сақталуын бақылау мақсатында электрондық бақылау құралдары — білезіктер қолданылады. Бұл құрылғылар сотталғандардың белгіленген талаптарды сақтауын қадағалауға және заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері пробация қызметінің қызметкерлері 150-ден астам құқық бұзушылықты тіркеген. Олардың қатарында белгіленген уақытта тұрғылықты жерінде болмау, тиісті келісімсіз белгіленген әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен шығу, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау, сондай-ақ электрондық білезіктерді қасақана бүлдіру фактілері бар.

Электрондық бақылауда жүрген сотталғандардың бірі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Ақтау қаласы Полиция басқармасының арнайы қабылдау орнына 10 тәулікке қамалған.

Сонымен қатар пробация қызметі тағы екі сотталғанға қатысты тағайындалған жазаны бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа ұсыныс енгізген. Сот ұсыныстарды қанағаттандырған. Нәтижесінде аталған азаматтар жазасының қалған бөлігін өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жіберілген.

Пробация қызметі сотталғандардың сот белгілеген шектеулерді сақтауын, белгіленген уақытта тұрғылықты жерінде болуын және тиісті рұқсатсыз белгіленген аумақтан шықпауын ескертеді. Электрондық бақылау құралдарын қасақана бүлдіру де белгіленген талаптарды бұзу болып саналады.

Жаза өтеу тәртібі мен шарттарын сақтамаған жағдайда заңнамада көзделген шаралар қолданылады. Атап айтқанда, сот шешімімен тағайындалған жаза бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін.

Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс
18 октября 2026
Маңғыстауда сотталғандарға домбыра өнерінің қыр-сыры таныстырылды

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №77 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында ұлттық өнерді дәріптеу, рухани-мәдени деңгейін арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында домбыра өнеріне арналған мәдени-тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының күйшілері мен жыршылары Жәнібек Жұмабаев және Асылбек Дәулетияров қатысты.

Кездесу барысында өнер иелері қазақтың дәстүрлі музыкалық мұрасы, домбыраның шығу тарихы, құрылымы мен жасалу ерекшеліктері туралы мағлұмат берді. Сондай-ақ аспап жасауда қолданылатын ағаш түрлері, домбыраны дұрыс ұстау, қол қимылдарының үйлесімділігі, қағыс түрлері және күйлерді нақышына келтіріп орындау тәсілдері түсіндірілді.

Тәжірибелік сабақ барысында қатысушылар домбыра тарту өнерінің ерекшеліктерімен танысып, ұлттық музыкалық мұраны тереңірек меңгеруге мүмкіндік алды.

Мұндай мәдени-тәрбиелік шаралар сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, шығармашылық әлеуетін арттыруға, ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыруға және қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етеді.

Домбыра – халқымыздың рухани қазынасы, ұлттық болмысымыздың айқын көрінісі әрі ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан асыл мұра.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы