
Қостанай қаласында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан XVII республикалық чемпионат өтті. Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен 100-ге жуық қызметкер қатысып, өздерінің жауынгерлік даярлығы мен кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімінен кейін қатысушылар арасындағы жекпе-жектер басталып, жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
🏆 Жалпыкомандалық есеп бойынша нәтижелер:
🥇 І орын – Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаменті;
🥈 ІІ орын – Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖ департаменті;
🥉 ІІІ орын – Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті.
Чемпионаттың негізгі мақсаты – қызметкерлердің жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру, кәсіби шеберліктерін шыңдау, дене дайындығын жетілдіру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Рудный қалалық сотының шешімімен сотталған азаматқа тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Сотталған азамат пробациялық бақылау талаптарын жүйелі түрде бұзып, барлығы 4 тәртіп бұзушылыққа жол берген. Атап айтқанда, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, пробация қызметіне дәлелді себепсіз бірнеше рет келмеген, 100 сағат мәжбүрлі еңбекке кіріспеген және сағат 22:00-ден кейін тұрғылықты жерінде болмаған.
Осыған байланысты пробация қызметінің ұсынысы сотпен қанағаттандырылып, азамат 1 жыл 2 ай 6 күн мерзімге орташа қауіпсіздік мекемесіне жазасын өтеуге жіберілді.
Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Арқалық қаласындағы №41 мекемесінде сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спорттық белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында киберфутболдан турнир ұйымдастырылды.
Жарысқа мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар қатысып, виртуалды футбол алаңында өзара бақ сынасты. Қатысушылар ойын барысында ептілік пен шапшаңдық танытып, жылдам шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті.
Тартысты өткен турнир барысында қатысушылар арасында өзара сыйластық пен салауатты бәсекелестік қалыптасты.
Іс-шара қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №39 мекемесі қызметкерлері «Жітіқара ауданының Жастар ресурстық орталығымен» бірлесіп, №12 жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға дропперлік схемаларға тартылудың, заңсыз қаржылық операцияларға қатысудың және есірткі қолданудың қауіптері түсіндірілді.
Сонымен қатар «Әр қадамның маңызы бар» тақырыбында тренинг өткізіліп, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, жеке жауапкершілік пен саналы таңдау жасау мәселелері талқыланды.
Мұндай кездесулер жастардың қауіп-қатерді дер кезінде танып, саналы әрі дұрыс шешім қабылдауына ықпал етеді.
Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №41 мекемесінің ұжымы жұмыстан тыс уақытта Арқалық қазақ жасөспірімдер театрына барып, «Жұт» спектаклін тамашалады.
Қойылым халқымыздың басынан өткен ауыр кезеңдерді, елдің төзімі мен тағдырын терең суреттеп, көрерменге ой салды.
«Жұт» – табиғи апат қана емес, халықтың тұрмысы мен әлеуметтік жағдайына әсер ететін ауыр сынақ. Спектакль арқылы қиындыққа мойымай, бірлікті сақтаған елдің рухы көрініс тапты.
Бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған сотталған екі ай бұрын жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылуына байланысты қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылған болатын.
Алайда, пробациялық бақылауда бола тұра, ол белгіленген тәртіп пен жазаны өтеу шарттарын байыппен қабылдамады. Босатылғаннан кейінгі үшінші күні-ақ сотталған қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ол белгіленген талаптарды бұзып, түнгі уақытта тұрғылықты жері бойынша болмаған.
Бірнеше рет жасалған бұзушылықтарға байланысты пробация қызметі сотқа жазаны ауыстыру туралы тиісті ұсыныс жолдады.
Сот материалдарды қарап, ұсынысты қанағаттандырды және жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Нәтижесінде сотталған 5 ай 14 күн мерзімге орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне қайта жіберілді.
Рудный қалалық соты сотталған адамға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бірнеше рет бұзғаны үшін жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды.
Сотталған адам бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу шарттарын 3 рет бұзған. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 1-бөлігі және 440-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған, сондай-ақ белгіленген күндері пробация қызметіне тіркелуге келмеген.
Осыған байланысты пробация қызметі сотқа тиісті ұсыныс енгізді. Сот ұсынысты қанағаттандырып, жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Сотталған адам 3 ай 21 күн мерзімге орташа қауіпсіздік мекемесіне жіберілді
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері Қостанай қаласының пробация қызметімен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тексерді. Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жалпы 180 сотталған тұлға тексеріспен қамтылды.
Сонымен қатар, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға қолданылған электрондық бақылау құралдарының жұмыс істеу жағдайы тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша «Цифрлық пробация» мобильді қосымшасында тиісті тексеру актілері толтырылды
Донорлық – адам өмірін сақтауға қосқан үлес!
Жітіқара қаласының №39 мекеме қызметкерлері Облыстық қан орталығы ұйымдастырған қан тапсыру бойынша игі акцияға қатысты.
Донор болу – қарапайым, бірақ өте маңызды қадам. Ол қан құюға мұқтаж жандарға көмектесіп, олардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті №38 мекемесінде Қостанай облыстық орыс драма театрының қатысуымен мәдени-ағартушылық іс-шара ұйымдастырды.
Сотталғандардың мәдениет пен өнерге деген қызығушылықты арттыруға, рухани-адамгершілік тәрбие беруге, сондай-ақ мазмұнды әрі пайдалы бос уақытты ұйымдастыруға бағытталған театрландырылған бағдарлама әзірленді. Облыстық орыс драма театрының әртістері сотталғандардың назарына жарқын шығармашылық бағдарламаны ұсынып, «Қамшат» қойылымын сахналады. Қойылым көрермендерге жағымды эмоциялар сыйлап, театр өнерінің әлемімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
Мұндай іс-шаралардың сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысы барысында маңызы зор. Мәдениет пен өнерге баулу олардың дүниетанымын кеңейтуге, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, оң құндылықтарды орнықтыруға және қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етед