№41 мекемеде сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы аясында, сотталғандардың бос уақытын тиімді пайдалану және кітап оқуға деген ынта жігерін арттыру, сонымен қатар өмірге деген көзқарастарын өзгерту мақсатында, мекеме кітапхана қорын толықтыру ұйымдастырылды.
Осыған орай Арқалық қалалық «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Р.Ж.Зангалиева, кітап сақтау жөніндегі менгеруші С.А. Алматова мен №41 мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет капитаны Ғ.Қ.Төлепберген өзара келісімге келе отырып, мекеменің кітапхана қорына 300 дана көркем әдеби кітап сыйға алынды.