Қостанай қаласының пробация қызметінің есеп берушілеріне психологиялық көмек көрсету туралы

Қостанай қаласының пробация қызметінің есеп берушілеріне психологиялық көмек көрсету туралы

Қостанай қалалық Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсете ғана қоймай, сондай-ақ психологиялық көмек көрсетіледі.
Сотталғандардың өмірлік қиын жағдайға дұшар болған тұлғаға немесе отбасылық жағдайына байланысты психологиялық диагностика, түзеу мекемесінен кейін қоғамға бейімделу мен оңалту мақсатында көмек беріледі.
Сотталғандарды есепке қою кезінде психологиялық тұрғыдан соттталғанның мінез құлқын, ішкі жан-дүниесін, отбасылық жағдайын, араласу ортасын зерделеп, жеке бағдарламасы, психологиялық мінездемесі құрастырылады. Есепте тұрған соталғандар өте байыпты қарайды және әңгімеге белсенді қатысып, кейбіреулері толғандырып жүрген мәселелерімен бөлісіп отырады. Сотталғандардың ішінде күйзеліске түсетіндер жие кездеседі. Әрине, мұндай жағдайда сотталған азаматтарға психолог маманның көмегі ауадай қажет, себебі үнемі күйзелісте жүрген сотталған азаматтар сұрақтарын тиісті жауап таба алмаған кезде қайта қылмысқа баруы мүмкін немесе өз өзіне қол жұмсауы.