Қостанай облысы бойынша ұлттық алдын алу тетігі мүшелерінің жаңартылған тізімі

Қостанай облысы бойынша ұлттық алдын алу тетігі мүшелерінің жаңартылған тізімі

1998 жылғы 29 маусымда Қазақстан БҰҰ-ның азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын емдеу мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясын ратификациялады. 2008 жылғы 26 маусымда БҰҰ-ның азаптауға қарсы конвенциясына Факультативтік хаттама ратификацияланды.

Азаптауға қарсы конвенцияға Факультативтік хаттама шеңберінде Қазақстан қабылдаған міндеттемелерді орындау үшін 2013 жылғы 2 шілдеде Мемлекет басшысы Қазақстанда азаптауға қарсы күрестің ұлттық алдын алу тетігін (бұдан әрі - ҰАТ) құрған Заңға қол қойды.

ҰАТ БҰҰ-ның көрсетілген халықаралық шарттарына сәйкес құрылған азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жаза түрлерінің алдын алу жүйесін білдіреді.

ҰАТ мақсаты Қазақстан азаматтарын соттар мен құзыретті мемлекеттік органдардың шешімдері негізінде азаматтар уақытша орналастырылатын мекемелер мен ұйымдарға тәуелсіз профилактикалық сараптамалық сапарларды жүзеге асыруға тарту болып табылады.

Егер сіз немесе сіз мүддесі үшін жүгінетін адам қандай да бір нысанда қатыгездікке, сондай-ақ жабық үлгідегі мемлекеттік мекемеде азаптауға ұшыраған жағдайда, онда сіз Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге төменде көрсетілген байланыстар бойынша ұлттық алдын алу тетігі тобына арнайы бару туралы хабарласа аласыз:

ҰАТ тобының қатысушылары:

Жук Елизавета Юрьевна 8 708 112 09 92 (топ жетекшісі)

Сергей Алексеевич Богатырев

Контаева Ангелина Кабдуллаевна