Сотталғандардың жазасын өтеумен және пенитенциарлық пробацияны іске асыру тәсілдерін қайта қараумен байланысты мәселелерді шешу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл тетіктерін өзгерту жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде, сондай-ақ сотталғандардың қоғамда әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау және оларды 2022 жылғы 29 қарашада ҚАЖД №41 мекемесінде босатуға дайындау мақсатында Қостанай облысы Арқалық қаласының Халықты әлеуметтік қорғау саласының мамандарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша кездесу өткізді.
Бұл жобаның мақсаты бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды қайта әлеуметтендіру процесін жетілдіруге және оларды босатылғаннан кейін қоғамда одан әрі қайта біріктіруге бағытталған сотталғандардың проблемаларын шешу үшін жергілікті атқарушы органдармен, пробация қызметімен, коммерциялық емес ұйымдармен, мекемелермен жұмыс тетіктерінің әзірленген нысандары мен әдістері бойынша өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ пилоттық жобаны жүзеге асыруға жәрдемдесу.
Өз кезегінде, "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ сектор меңгерушісі Дархан Құсайынов жұмыспен қамту орталықтары бұрынғы сотталғандарға 3 айдан аспайтын мерзімде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға қажетті кәсіптерді уақытында алу, жұмысқа орналасу, білім алу, уақытша тұруды ұйымдастыру үшін іздеуді ұсынуға дайын екенін атап өтті.
Қазіргі уақытта ҚР ІІМ ҚАЖК УК-161/12 мекемелерінен босатылған адамдарды қайта әлеуметтендіру осы санаттағы адамдар арасында қайталама қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған негізгі жолдардың бірі болып табылады.