12-15 желтоқсан аралығында облыс аумағында «Правопорядок» жедел-профилактикалық іс-шарасына қатысуда.

12-15 желтоқсан аралығында облыс аумағында «Правопорядок»  жедел-профилактикалық іс-шарасына қатысуда.

  Пробация  қызметтерінің есебінде тұрған сотталған азаматтардың жана құқық бұзышылықтар жасауына жол бермеу,алдын алу,оның ішіңде тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау,сонымен қатар пробация қызметкерлері және полиция бөліністерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында Қостанай облысы бойынша ҚАЖД Департаментіне қарасты Қостанай қаласының пробация  қызметттерінің жеке құрамы ағымдағы жылдың 12-15 желтоқсан аралығында облыс аумағында «Правопорядок»  жедел-профилактикалық іс-шарасына қатысуда.

  Жедел-профилактикалық іс-шара барысында Костанай қалалық пробация қызметінің қызметкерлері қалалық полиция бөлімімен бірлесе отырып пробация  есебінде тұрған сотталған азаматтардың сот жүктеген міндеттерін бұлжытпай орындауын,отбасылық,тұрмыстық,қарым-қатынасына бақылаудыжузеге асыру мақсатында олардыңтұрғылықты мекен-жайы,жұмыс орындары бойынша тексеру жүргізіп,профилактикалық жұмыстарды атқаруда.

Қазіргі таңда  аталған жедел-профилактикалық іс-шарасы нітижесінде,сот жүктеген міндеттерді орындамай, пробация қызметіне ескертпестен және рұқсатынсыз тұрғылықты жерінен басқа елді мекенге шыққан Қостанай қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған 1 сотталғанға қатысты жазасын бас бостандығынан айырумен ауыстыру жөніндегі ұсыныс пен құжаттар сотқа әзірленуде.