ҚР ІІМ ҚАЖК "№39 мекемелер " РММ "Бос орындар жәрмеңкесі"бағдарламасы аясында жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кездесу өткізді

ҚР ІІМ ҚАЖК "№39 мекемелер " РММ "Бос орындар жәрмеңкесі"бағдарламасы аясында жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 нұсқауын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі №264 қаулысын іске асыру шеңберінде.

Кездесу барысында сотталған барлық қызықтырған сұрақтарға, атап айтқанда, толық көлемде кепілді медициналық көмек алу, еңбек құрылымы мен құжаттандыру, білім алу және т.б. мүмкіндіктері туралы құзыретті жауаптар алды. Бұрынғы сотталғандарды бейімдеу тек қылмыстық-атқару жүйесі органдарының міндеті емес. Бұл күрделі мәселеде барлық уәкілетті мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың кешенді ынтымақтастығы көмектесе алады.

Аталған іс-шараға жергілікті атқарушы органдар, "Жітіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ басшысы Джупанова Сәуле Амантайқызы, "Жітіқара ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының" бас маманы Байсалбаев Әмір Мырзағалиұлы, "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің" ММ бас маманы Қадырбеков Жанат Аманбайұлы қатысты