
Қостанай облысы бойынша ҚАЖ Департаменті ҚР ІІМ Қостанай Академиясының қызметкерлерімен бірлесіп. Ш. Қабылбаева пенитенциарлық пробацияға жататын, әлеуметтік-құқықтық көмек алуға мұқтаж № 40 мекеменің сотталғандары арасында зерттеу жүргізді. Бұл зерттеу ҚАЖ мекемелері сотталғандарының жазасын өтеумен байланысты мәселелерді шешу және пенитенциарлық пробацияны іске асыру тәсілдерін қайта қарау үшін жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл тетіктерін өзгерту жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде жүргізілді. Зерттеуге пробация қызметінің қызметкерлерін даярлау орталығының қызметкерлері мен Академия магистранттары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Зерттеу нәтижелері сотталғандардың проблемаларын шешу үшін жергілікті атқарушы органдармен, пробация қызметімен, коммерциялық емес ұйымдармен, мекемелермен жұмыс нысандары мен әдістерін әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.
Зерттеуге 30 сотталушы қатысты.