"Қақпадағы кездесу" №38 мекемеде өтті

"Қақпадағы кездесу" №38 мекемеде өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК-нің "№38 мекемесі" РММ-де жылдың төртінші қарашасында сағат 15:00-де Skype қосымшасы бойынша "қақпадағы кездесу"әлеуметтік жобасы өткізілді. "Қостанай қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ Мұсабаева Айнұр және "Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды бейімдеу және әлеуметтендіру орталығы" КММ жетекші мамандары Бисембаева Әйгерім тартылды.

Мамандардың әрқайсысы ұйымдардың кейіннен босатылған адамдарға қандай көмек көрсете алатынын түсіндірді. Осылайша, сотталғандарға ыстық тамақпен қамтамасыз етусіз тәуліктің түнгі уақытында (жылдың жаз мезгілінде 21 сағаттан 9 сағатқа дейін, жылдың қыс мезгілінде 18 сағаттан 10 сағатқа дейін) төсек-орын беру мүмкіндігі туралы хабарланды, түнгі болу бөлімшесі Қостанай қаласы, Қобыланды батыр көшесі, 21/3 мекенжайында орналасқан. Сондай-ақ, сотталған босатылғаннан кейін/, жұмыспен қамту қызметіне жүгіну шамасына қарай қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмысқа орналасуға жәрдемдесетін болады.