Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шаралар облыстың түзеу мекемелерінде өтті

Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шаралар облыстың түзеу мекемелерінде өтті

Қазақстан Республикасы Қылмыстық - атқару жүйесі комитетінің №41 мекемесінің қызметкерлері, жасөспірімдер орталығының басшысы Қабыл қабыл Жаңыбаршынұлы Мұғалімдер күніне арналған іс-шараға белсене қатысты, ал №41 мекеменің басшысы әділет полковнигі Бақытжан Зикенұлы Шәріпбеков бейнежазба бойынша ізгі тілектерін білдірді. Біздің мекеме атынан ардагерлерді әділет майоры Гүлшат Мұсағалиқызы Скендирова және әділет аға лейтенанты Жасур Жасұланұлы Қуанышбек өз әндерімен құттықтады. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлері Кейкі батыр атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектептің ең құрметті және құрметті мұғалімдерін гүл шоқтарымен құттықтады.

Сондай-ақ, ҚР ІІМ ҚАЖК "№ 38 мекеме" РММ-де "мұғалімдер күні" мерекесі қарсаңында мерекелік концерт өтті. Мекеме басшылығы кешкі мектептің барлық мұғалімдерін грамоталармен және алғыс хаттармен марапаттады.