№41 мекемеде Қылмыстық-атқару кодексінің 13 бабында көрсетілген сотталғандардың ар-ұждан және діни сенім бостандығы құқығын қамтамасыз ету мақсатында, теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру тобының инспекторлары діни жоралғы ұйымдастырды. Сотталған С. есімді азаматтың және оның жұбайының өтініші бойынша мұсылманша некелері қиылды. Неке қию рәсіміне Арқалық қаласы « Мұхтасиб Әлмұхаммед » мешітінің имамы С.Б. Сүлейменов арнайы келіп неке қию рәсімін өткізді. Сонымен қатар мұсылманша некелері қиылғаны жөніндегі естелік куәлік табыс етті. Сотталған С есімді азамат және жұбайы мекеме әкімшілігіне және мешіт ұжымына өз алғыстарын айтып ризашылықтарын білдірді.