Жылқы өсіру ісін Жангелдин ауданының есепшісі ашады

Жылқы өсіру ісін Жангелдин ауданының есепшісі ашады

Жангелді  ауданының пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік көмек көрсету үшін, есепке алынған сотталғандарды ҚР  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен», «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, түсіндіріліп сетификат иеленетіндігі және  жеке кәсіп жобасы көлемінде шағын несие алу мүмкіндіктерімен толық таныстырылды. Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы құрылып, сотталғандарды жұмыспен қамту кәсіби жетілдіру оқуларына жолдау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ Жангелді ауданының пробация қызметі есебінде тұратын А.А. деген азамат ҚР ҰҚП «Атамекен» бойынша «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқу курсына тіркеліп, оқуын аяқтап ҚР ҰҚП «Атамекен» бойынша «Бастау Бизнес» сертификатын иеленді. Шағын кәсіп ашуға ниеттеніп, өзінің идеясын жүзеге асыру мақсатында, кәсіп ашуға ниетті үміткерлермен бақ сынасып, мемлекеттен қайтарымсыз грант яғни биылғы 2022 жылы 1 225 000 теңге  ұтып алды. Енді жылқы малын өсіру шағын кәсібін ашпақ жоспары бар. Айқын мақсат- кез-келген жетістікке алғашқы қадам.