Арқалық қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырумен қаламыздың еңбек ұжымдары арасында спартакиада өткізіліп жатыр. Жарыстың алқашқы күндердегі нәтижесі бойынша №41 мекемеміздің қызметкерлері белсене қатысып, керемет нәтижелер көрсетті. Атап айтқанда шағын футболдан мекемеміздің қызметкерлері 2 орын иеленді. Жеңіл атлетикадан ерлер арасында 2400 метр қашықтықта Мақсат Мұратұлы Жолдыбай 1орын иеленсе, әйелдер арасында 1600 метр қашықтықта Аида Батырхановна Алибаева 2 орын иеленді, жалпы командалық есеп бойынша мекемеміз жеңіл атлетикадан топ жарып 1 орынды еншіледі.
Үстел тенисі бойынша Медеу Бауыржанулы Жасталапов 2 орын, Ерсұлтан Сүндетқалиұлы Сертаев 3 орын иеленді. Сонымен қатар дартс бойынша мекемеміздің қызметкері Тоғжан Қуанышқызы Дүзелбаева 3 орын иеленді. Қол күрес нәтижесі бойынша Ғабит Жанболатұлы Бексұлтанов 3 орын, ал гір спортнан Асылан Шынбергенович Аманжолов 3 орын иеленді.
Сонымен қатар 10 қазан күні жүзу спорт түрінен жарыс қортындысы бойынша ерлер арасында Нурлан Жанбырович Нургалиев 1 орын иеленсе, ал әйелдер арасында Гульшат Мусагалиевна Скендирова 3 орынды иеленді. Спорт нәтижелері бойынша спортшыларымыз кубок , мадақтама, медальмен және ақшалай сыйақылармен марапатталды. Жалпы жарыс нәтижелері бойынша мекемеміз өзін жоғары деңгейде көрсете білді. Алдағы уақытта мекемеміздің намысын қорғап жүрген қызмеркерлерге тек қана алғыс пен жұмыста табыс тілейміз Сіздерге артар сеніміміз мол. Алға №41 мекемесінің қызметкерлері.