
Мәселен, сотталған П. жазасын өтеу кезеңінде бірнеше рет тіркеу күнін өткізіп алған, тексеру барысында тұрғылықты жерінде бірнеше рет болмаған. Сонымен қатар, электрондық бақылау құралын қолдану тәртібін сақтамады. Оның атына ескертулер жасалды, бірақ сотталған адам оларға жауап бермеді, осыған байланысты пробация қызметі соттан бас бостандығын шектеуге сотталған адамның жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыруды сұрады.
Сот іс материалдарын зерттеп, пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырды, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстырды.