Діни тақырыптағы 15 кітап түзеу мекемесіне берілді

Діни тақырыптағы 15 кітап түзеу мекемесіне берілді

Діни тақырыптағы 15 кітап түзеу мекемесіне берілді

Қостанай облысы бойынша ҚАЖ Департаменті мен "Ақниет" ҚҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде "Ақниет" ҚҚ өкілдері қатаң режимдегі колонияның кітапхана қорына қазақ және орыс тілдерінде 15 дана дәстүрлі ханафи тіліндегі діни кітаптарды берді. Айта кету керек, кітаптарды табыстау "Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармасы"ММ көмегімен жүзеге асырылады. "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 – бабына сәйкес діни әдебиет және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттар мекеменің аумағына дінтану сараптамасынан өткеннен және қорытынды алынғаннан кейін ғана енгізілуі тиіс-деп түсіндірді теологиялық оңалту жұмысының инспекторы әділет аға лейтенанты А. Ғ. Оразбаев.