Қатаң режимдегі колонияда А.Байтұрсыновтың 150 жылдығын және Қазақстан халықтарының тілдері Күнін мерекелеуге орай теологиялық оңалту жұмысының қызметкерлері сотталғандарға "Алаш алыптары-А. Байтұрсынов"деректі фильмін көрсету бойынша іс – шара ұйымдастырды. Фильм көрсетілімінен кейін А.Байтұрсыновтың қысқаша өмірбаяны және Қазақстан халықтарының тілдер күні "Алаш"партиясы көшбасшыларының бірінің туған күнімен неге бір күні тойланатыны туралы айтылды.
Аталған іс-шара мемлекеттік тілді нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан халықтарының басқа тілдеріне құрмет көрсетуге бағытталған. Біздің еліміз әр түрлі этностардың бейбіт қатар өмір сүруінің, әр түрлі мәдени және діни көзқарастардың тасымалдаушыларының шынайы үлгісі болып табылады, олар сан ғасырлық тату көршілік пен өзіндік болмысты сақтайды – дейді теологиялық оңалту жұмысының инспекторы әділет аға лейтенанты Уразбаев А. Г.