
Ер адам үйінің ауласында қарасора өсірді. Ол кейінірек түсіндіргендей, жабайы өсетін қарасораның 29 бұтасын таратқысы келмеді:"барлығы жеке пайдалануға арналған". Аудандық сотпен, ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі ( құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Қазіргі уақытта жергілікті пробация қызметінің қызметкерлері осы сотталған адамды тексеріп жатыр. Тапсырмалардың негізгі тізіміне көшелерді, тротуарларды тазалау, сондай-ақ ағаштарды қазу кіреді.
Заң бойынша, қоғамдық жұмыстар тек соттың үкімімен ғана ауыр емес және орташа дәрежедегі қылмыстар жасағаны үшін тағайындалады. Қоғамдық жұмыстар 20 (жиырма) сағаттан 1200 (бір мың екі жүз) сағатқа дейінгі мерзімге белгіленеді және сотталған адам оларды өтеу уақытында негізгі жұмыс орны бойынша Еңбек міндеттерін орындаудан босатыла отырып не оқудан бос уақытта күніне төрт сағаттан аспайтын мерзімде өтеледі.