№41 мекеменің жеке құрамы "Мектепке жол"акциясына қатысты

№41 мекеменің жеке құрамы "Мектепке жол"акциясына қатысты

«Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық шарасы басталды. Акция шеңберінде көп балалы немесе аз қамтылған отбасыларына мектепке баруға қаржылай және заттай қолдау көрсету. Жыл сайын Қазақстанда жаңа оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық республикалық шарасын өткізу дәстүрге айналған.
Шараның басты мақсаты – балаларды киім – кешекпен және оқу құралдары, тіпті кеңсе тауарларымен қамту қарастырылған. «УК – 161/12 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұжымымен Акция шеңберінде мекемеде талай жыл қызмет етіп, өмірден озған қызметкерлердің отбасындағы балаларын құттықтап ерекше ықылас лебіздерін көрсетті.