Астана күніне арналған іс-шара түзеу мекемесінде өтті

Астана күніне арналған іс-шара түзеу мекемесінде өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК "УК-161/2 мекемесі" РММ-нің сотталғандарына ТОЖ қызметкерлері жасақ бастығымен бірлесе отырып Астана күні мемлекеттік мереке қарсаңында "Нұр-Сұлтан астанасы" атты деректі фильмін көрсетті. Бұл фильмде Қазақстанның жүрегі – жас әрі мызғымас Нұр-сұлтан туралы айтылады. 1998 жылы астана Астана деп аталды, содан кейін ол әлемге Қазақстанның жаңа астанасы ретінде ұсынылды. 20 жыл ішінде жас астана үлкен мегаполиске айналды. 2019 жылы "Нұр-сұлтан" атауы Қазақстан астанасына берілді.

Астана күні бүкіл Қазақстан бойынша атап өтіледі және бұл шын мәнінде бүкілхалықтық мереке. Біздің сотталғандар да осы мерекенің бар екенін білуі үшін, сондай - ақ патриотизм сезімін және өз елі үшін мақтаныш сезімін дарыту үшін біз, ТОЖ қызметкерлері осы бейнематериалды көрсеттік - деді ТОЖ инспекторы әділет аға лейтенанты А.Уразбаев.