
Комиссияның қорытынды отырысы Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаменті базасында өтті. Конкурсқа аумақтық мекемелерде бірінші орын алған сотталғандардың жұмыстары қатысты.
- Бұл конкурс сотталғандарды психологиялық аспектілерді зерделеу бойынша оқу процесіне тарту; тұлғааралық өзара қарым-қатынас мәдениетін арттыру және қарым - қатынас пен мінез-құлықтың әлеуметтік-оң дағдыларын қалыптастыру; құқыққа бағынушылық мінез-құлықты ынталандыру үшін өткізіледі, - деп түсіндірді ведомствода.
Сурет салу кезінде бағдарланған тақырып еркін болды, негізгі міндет өзін-өзі көрсету болды.
Қостанай облысы ҚАЖД бастығының орынбасары Мадий Мұхтубаев құттықтау сөз сөйледі, ол сондай-ақ осы конкурстың сотталғандармен табысты психологиялық және тәрбие жұмысы үшін маңыздылығын атап өтті.
Барлығы бірнеше жұмыс ұсынылды, нәтижесінде бірінші орынды УК-161/3 сотталған мекемелері алды.