Қостанай қаласының Жастар Сарайы базасында Қостанай облысы бойынша құқық қорғау органдарының құрылымдары арасында "Asu Intellect" зияткерлік ойынына қатысуға іріктеу өткізілді. Қатысушылар өз қабілеттерінде, креативті ойлай білуінде, лезде шешім қабылдай білуінде сайысқа түсті. Өткізілген ойын қорытындысы бойынша УК-161/2 мекемесінің қызметкерлері 1 орынға ие болып, бағалы сыйлықтар мен сертификаттармен марапатталды.