"Мақсаты - сотталғандардың туыстарымен әлеуметтік-пайдалы байланыстарын нығайту, сотталғандармен тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру", - деп түсіндірді тергеу изоляторының бастығы Ерік Рамазанов.
Ересектермен бірге балалар да әкелеріне келді. Олар үшін сотталғандар тәтті сыйлықтар дайындады. Бұл күні туыстардан басқа, қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдері, мекеме, облыс бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері де қатысты.
Қонақтар сотталғандар тұратын жерлерде болды, медициналық бөлімде, асханада болды, сондай-ақ сотталғандарды ұстаудың тұрмыстық жағдайларымен, білім беру және тәрбие бағдарламаларымен танысты, сотталғандардың электрондық өтініштер терминалыме