Мемлекеттік рәміздер бойынша ақпараттық жұмыс түзеу мекемесінің қызметкерлері арасында өтті

Мемлекеттік рәміздер бойынша ақпараттық жұмыс түзеу мекемесінің қызметкерлері арасында өтті

Қазақстан Республикасында 4 маусым күні «Мемлекеттік рәміздер күні». Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан қазақстандықтардың осы рәміздерге деген құрметі, оларды бойтұмардай қастерлеуі ерекше сезіліп тұруы тиіс. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді. Осыған орай мекемеміздің жеке құрамының отансүйгіштік сезімін оятып, патриотизмге үндеу мақсатында кадр саясат бөлімінің қызметкерлері іс-шара өткізді. Іс-шара да жеке құрамға мемлекетік рәміздерінің тарихын баяндап, қызықты мәліметтермен, видеоролик көрсетілді. Мемлекеттік рәміздер қасиетті құндылықтар, ұлттың мақтанышы.