
Іс-шараға мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет майоры А.А. Ахметов, "Марал-Ишан" атындағы Қостанай облыстық мешітінің бас имамы Тәжімбет Бақытбек Нұрғабылұлы, Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы "Ержан Тәтішев" атындағы мешітінің бас имамы Қабиев Айбек Амонқосұлы, Қостанай атындағы академияның оқытушы-әдіскері қатысты. Аталған іс-шараға мекеме бөлімдерінің бастықтары, теологиялық оңалту жұмысының қызметкерлері және тәрбие әлеуметтік-псилогиялық оңалту жұмысы бөлімінің психологтары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында экстремизмдегі діндердің рөлі, оның қазіргі әлемдегі орны және қылмыстық-атқару жүйесіндегі (ҚАЖ) экстремизмге қарсы іс-қимылдың негізгі әдістері туралы тақырып талқыланды. ҚАЖ мекемелерінде экстремистік қызметтің алдын алу және жолын кесу, бас бостандығынан айыру орындарында ар-ождан және діни сенім бостандығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді қою және шешу бойынша мамандар даярлау мәселесіне маңызды орын берілді.
Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты мекемеде қамтылған сотталғандармен радикалды идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыруға, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, сондай-ақ діни сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихат жұмысы болып табылады.