ҚР Үкіметінің 28.11.2014 жылғы №1255 қаулысымен толық қауіпсіз мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды заттай мүлікпен жабдықтаудың №4 заттай нормасына сәйкес заттай мүліктің 16 атауы тиесілі.
Ай сайын сотталғандарға нормаға сәйкес гигиеналық құралдар (Дәретхана қағазы, тіс пастасы, щетка және т.б.) беріледі, сондай-ақ түрме режиміндегі сотталғандар жыл бойы жылына 2 рет заттай жабдықталым алады (майка, іш киім, шұлық, тәпішке, жазғы бас киім, спорттық трико).
Сондай-ақ сотталғандар тарапынан заттай мүлік бөлінбегенін атап өткім келеді.