
Облыстық ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі М.қ. Мұхтубаев Skype бейне байланысы арқылы ҚР ІІМ ҚАЖК УК-161/12 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 1991 жылы туған Т. сотталушымен жеке қабылдау өткізді, онда оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің, атап айтқанда ҚР ҚАК 95, 96, 128, 129, 130-132-баптарының талаптары түсіндірілді. Оның қойылған барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзуға жол берілмейтіні және жол берілген бұзушылықтар оның шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына ықпал етуі мүмкін екендігі туралы ескертілді.