Майонез салынған банк телефонды қатаң режимдегі колонияға беруге тырысты

Майонез салынған банк телефонды қатаң режимдегі колонияға беруге тырысты

УК-161/2 мекемесіне сотталғандарға  сәлемдемелер келді.Келген сәлемдемелерді тексеру бөлмесінде орналасқан сөмкелер жүгін тексеру апаратынан өткізу кезінде, сотталған А.Н Балтыкбаевқа келген сәлемдемеден күдікті зат анықталды.

Қостанай қаласының тұрғыны Т.  сәлемдемені, сотталғанның қатысуымен сәлем-сауқат беру бөлмесінде ашу кезінде мекемеде тыйым салған зат тәркіленді. Нақтырақ айтар болсақ майонез салынған ыдыстың астында арнайы орын істеп жасырған ұялы телефон маркасы «NOKIA-mini phone» және 2 бірлік – «sim-карта ALTEL 4G», 1 бірлік – «sim-карта БИЛАЙН » тәркіленді. Мекеме қызметкерлерімен бірлесіп материал жиналып,  Қостанай қалалық әкімшілік сотына әкімшілік жауапқа тартуға жіберілді.