Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ғылыми қызметкері Терек Рауан Абдуллажанұлы 2022 жылдың жоспары бойынша «Ұлттық құндылықты ұлықтаған» атты жобасы аясында Қазақтың төл мерекесі Әз Наурыз мерекесіне орай Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «УК-161/12 мекемесі» республикалық мемлекеттік мемекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушылар арасында ұлттық ойындар сайысын өткізді. Қазақтың көнеден жаңаға, бабадан балаға жалғасып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық ойындарымызды насихаттауды мақсат тұтқан аталмыш іс-шараға УК-161/12 мекемесінің қызметкерлері ат салысып, қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Іс-шараға қатысқан қатысушылар арасында "Өгіз тартыс" ойынымен "Көтерісбек" ойынында қортынды есеп бойынша Ш. 1-ші орынға ие болса "Тартысбақ" күш ойынында А. 1-ші орынға ие болып " Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы КММ" мекемесінің Грамотасымен марапатталды.