
Үстел теннисі,белтемірге тартылу, армрестлинг,ұзындыққа секіру және гір спорты бойынша сотталғандар өнер көрсетті. Барлығы 40-қа жуық адам қатысты.
Жарыс төрешілері бастықтың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет майоры Асқар Рақышев және сотталғандар арасындағы тәрбие әлеуметтік-психологиялық жұмысы жөніндегі бөлім бастығы әділет майоры Е. Е. Нұғманов болды.
Өткізілетін жарыстардың мақсаты-сотталғандарды салауатты өмір салтына баулу, бір-біріне сыйластық пен достыққа тәрбиелеу болып табылады.
- Мекемеде спорттық іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады, олар сотталғандардың физикалық, эмоционалды - психологиялық жағдайына, салауатты өмір салтын жүргізуге байланысты оң мүдделер мен көзқарастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, - деп түсіндірді мекеме бастығының орынбасары Асқар Рақышев.
Жүлделі орындарға ие болған барлық қатысушыларды мекеме әкімшілігі көтермеледі.