Алғашқы құжатты Рудныйдағы пробация қызметінің қызметкерлері алуға көмектесті

Алғашқы құжатты Рудныйдағы пробация қызметінің қызметкерлері алуға көмектесті

Ер адам бірнеше жыл бойы алғашқы жеке куәлікті ала алмады. Өзі айтқандай, қиын өмірлік жағдайларға байланысты. Рудный қаласы полиция басқармасының пробация қызметі бөлімі мен көші-қон қызметі бөлімі қызметкерлерінің бірлескен жұмысының арқасында бұл мәселе қысқа мерзімде шешілді. - Тұрғылықты жері бойынша құжаттандыру және тіркеу жұмыстары көші-қон қызметі бөлімімен бірлесіп толық көлемде жүргізілді, нәтижесінде сотталған М.көптен күткен құжатты алды, - деп атап өтті Пробация қызметінің бөлім бастығы әділет майоры Рамазан Сейітов.

Қазір пробация қызметі жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп сотталған адамды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізуде.