6 есепте тұрғандарға Лисаков қаласының "Пробация Үйі" базасында көмек көрсетілді

6 есепте тұрғандарға Лисаков қаласының "Пробация Үйі" базасында көмек көрсетілді

Қостанай облысы бойынша ҚАЖД Лисаков қаласының пробация қызметі "Пробация үйі" жобасын іске асыру шеңберінде "Адалдық алаңы" ашық әкімдігінің базасында Пробация үйінде сотталғандарды қабылдау өткізді. "Пробация үйінің" басты артықшылығы сотталғандар мемлекет кепілдік берген қызметтердің толық кешенін бір жерден ала алатын бір терезе қағидаты болып табылады.

Осы жобаның негізгі мақсаты бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарға көмек көрсету. Есепте тұрған әрбір сотталған адам қандай да бір маманнан білікті құқықтық және әлеуметтік көмек немесе консультация ала алады.