
Іс-шара Халықаралық әйелдер күніне орайластырылды. Қостанай облысы бойынша ҚАЖД Жітіқара ауданының пробация қызметінің аға инспектор-психологы әділет лейтенанты Т.К. Исмагулова "өзіңді қалай сүю керек"тренинг элементтерімен сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты-есептегі адамдардың өздерінің жеке қасиеттерін түсінуі, олардың күшті жақтарын іздеуге жағдай жасау. Айта кету керек, БК инспекторлары да белсенді қатысты. Сабақта психолог Уилл Боуэннің позитивті ойлауға негізделген әдістемесімен бөлісті, сонымен қатар қатысушылар метафоралық ассоциативті карталармен танысты.