Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті болып табылады. Әскерде балалар шынымен тез өседі, олар өз Отанын қорғауды ғана емес, оған адал болуды да үйренеді, сонымен бірге төзімшілдікке қатаяды. Олар өмірдің мәні мен мағынасын, сонымен қатар туыстары мен достары оларға қаншалықты қымбат екенін түсіне бастайды. Әскерге келген балалар өмір сүруге кедергі болатын барлық жағымсыз нәрселерді көріп, түсініп, жеңеді.
"УК-161/3 мекемесі" РММ сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің психологиялық қамтамасыз ету тобы Қазақстан Республикасының «Ұлттық ұланы» 6697 әскери бөлімінің жеке екінші атқыштар ротасы әскери қызметшілерінің суицидтік қауіпті анықтау мақсатында психодиагностикалық жұмыс жүргізді. Психологтармен қорытынды жасалып, психологиялық сүйемелдеуді қажет ететіндердің тізімі жасалды.