Арқалықта ішкі істер органдарының қызметкерлерін декларациялау бойынша түсіндірме өтті

Арқалықта ішкі істер органдарының қызметкерлерін декларациялау бойынша түсіндірме өтті

Мемлекеттік қызметшілер жыл сайын тұрақты негізде кірістер басқармасына 250.00 нысан бойынша мүлік және активтер бойынша декларация тапсырады.Осы жылдан бастап 270.00 нысаны бойынша декларация ұсынылады. 2022 жылғы 28 Ақпанда кадр саясаты бөлімі УК-161/12 мекемесінің жеке құрамының Арқалық қаласы кірістер басқармасының қызметкерімен кездесуін ұйымдастырды.Іс-шара мекеменің акт залында өтті.ҚР ІІМ ҚАЖК "УК-161/12 мекемесі" РММ жеке құрамына декларация ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейінгі мерзімде қағаз түрінде, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейінгі мерзімде электрондық түрде табыс етілетіні түсіндірілді. Сонымен қатар, қызметкерлерге" е-салық"мобильдік қосымшасы бойынша декларация тапсыруға болатындығы түсіндірілді. Қызметкерлер өздеріне қажетті сұрақтар қойып, оларға қанағаттанарлық жауаптар алды.